Діни күндер кестесі бекітілді

Діни күндер кестесі бекітілді
Сурет: Report.az

Кестеге сәйкес, келесі жылғы Рамазан айы 3 сәуірде басталады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2022 жылғы діни күндер кестесін бекітті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді.