Дзюдошы Әбиба Әбужақынова әлемдік Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды

Дзюдошы Әбиба Әбужақынова әлемдік Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды
сурет: Аlmaty-akshamy.kz

Қола жүлде үшін бәсеке аса тартысты өтті.

Қазақстандық Әбиба Әбужақынова Франция астанасы Парижде дзюдодан өтіп жатқан әлемдік Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Ол 48 келіге дейінгі салмақта үздік үштікке ілікті.

Қола жүлде үшін бәсеке аса тартысты өтіп, қосымша уақытта оңтүстіккореялық дзюдошы үшінші ескерту алды. Сөйтіп, жеңіс Әбибаға берілді.

Бұл – өткен жылы қазақ қыздары арасында алғаш рет әлем чемпионатының жүлдегері атанған Әбиба Әбужақынованың биылғы екінші медалі.

Бұдан бұрын ол Португалияда өткен әлемдік Гран-при турнирінің чемпионы атанды.