Дзюдодан Азия кубогінде Қазақстан құрамасының қоржыны 11 медальмен толықты

Дзюдодан Азия кубогінде Қазақстан құрамасының қоржыны 11 медальмен толықты
Сурет: Olympic.kz

Ташкентте дзюдодан жасөспірімдер арасында Азия кубогі мәресіне жетті.

Қазақстан құрамасының спортшылары жарыстың соңғы күнінде 11 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.  

Күміс

Досбол Балғабай (73 кг)

Арман Білалханов (81 кг)

Ажар Асхат (+70 кг)

Қола

Нұрлыбек Арғынбек (66 кг)

Акбар Алтай (73 кг)

Асқар Біржанов (81 кг)

Егор Раков (81 кг)

Әлижан Назымханов (+90 кг)

Анастасия Нагачевская (-70 кг)

Наргиз Оразбекова (+70 кг)

Айта кетерлігі, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жарыстың алғашқы күнінде сегіз медаль жеңіп алған болатын. Осылайша, ел құрамасы жарысты екі алтын, бес күміс және 11 қола медальмен аяқтады.