Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы 4 күміс еншіледі

Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы 4 күміс еншіледі
Cурет: Olympic.kz

Аталған құрлықтық біріншілік Бейрутта өтіп жатыр

Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатының екінші күнінде 4 күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған құрлықтық біріншілік Ливан астанасы Бейрутта өтіп жатыр. Батыр Аликен (73 кг), Нұржан Бисенов (81 кг), Бақжан Байтас (90 кг) және Диана Тельбаева (-70 кг) күміс жүлдегер атанды.