Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды Сурет: Ашық дереккөзі

Олимпиада жүлдегері Елдос Сметов ел намысын қорғайды


6-13 қазанда Өзбекстан астанасы Ташкентте дзюдодан өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Қазақстан дзюдо федерациясынан мәлім еткендей, ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта ел намысын екі дүркін Олимпиада жүлдегері Елдос Сметов пен Мағжан Шамшадин қорғайды.


Сондай-ақ, Ғұсман Қырғызбаев (66 кг), Данияр Шамшаев (73 кг), Абылайхан Жұбаназар (81 кг), Дидар Хамза (90 кг), Ислам Бозбаев пен Шархан Нұрлыхан (100 кг), Ерасыл Қажыбаев (+100 кг) дүниежүзілік додада бақ сынайды.


Әйелдер құрамасында Әбиба Абужақынова (48 кг), Гауһар Ирмағамбетова (52 кг), Севара Нишанбаева (57 кг), Мөлдір Нарынова мен Есмигүл Куюлова (63 кг), Анастасия Маякова (70 кг), Аруна Жангелдина (78 кг) және Кәмила Берліқаш (+78 кг) татамиге шығады.


Айта кетсек, б иыл құрама көшбасшысы Елдос Сметов 66 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған болатын. Енді әлем чемпионатында өзінің төл салмағында бәсекеге түседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:31

17:45

17:16

16:24

16:10

15:40

15:15

14:50

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42