Джо Байден Қазақстанды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады

Джо Байден Қазақстанды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады
Cурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Ол Қазақстанның орасан зор күш-жігерін жоғары бағалады

Америка Құрама Штаттарының Президенті Джозеф Байден Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына мемлекетіміздің тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымна орай құттықтау жолдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қазақстанның Орталық Азияда мен бүкіләлемдік бейбітшілік, тұрақтылық пен гүлденуді сақтау жолында көш бастап келе жатқанының 30 жылдық мерейтойы қарсаңындағы қуанышыңызға ортақпын», – деп жазды америкалық көшбасшы.

Оның пікірініше, алдағы уақыттағы ықпалдастық екі елдің халықтары үшін жаңа жаһандық сын-қатерлерді еңсеруге мүмкіндік береді. Осы орайда ол Орталық және Оңтүстік Азия өңірлеріндегі өзара байланыстар мен экономикалық өсуге ықпал ету бойынша «Қазақстанның орасан зор күш-жігерін» жоғары бағалады.

«Америка Құрама Штаттары Қазақстанмен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті және өңірлік тұрақтылықты ілгерілету, климаттық дағдарысты шешу, демократиялық институттардың тиімділігін арттыру мен адам құқықтарын құрметтеуді дамыту бойынша ынтымақтасуға ниетті», - деп мәлімдеді АҚШ Президенті.