Джо Байден АҚШ-та пандемия аяқталғанын айтты

Джо Байден АҚШ-та пандемия аяқталғанын айтты
Сурет: Kommersant.ru

«Пандемия аяқталды. Бізде әлі де COVID мәселесі бар».

АҚШ президенті Джо Байден CBS телеарнасына берген сұхбатында COVID-19 пандемиясы  туралы осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Біз әлі де көп жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ пандемия аяқталды. Байқасаңыз, ешкім маска тақпайды. Барлығы өте жақсы жағдайда сияқты», - деді Джо Байден.

31 тамызда АҚШ сайлау комиссиясына Байденнің қайта сайлануын қолдайтын қозғалыстан өтініш түсті. Байденнің сайлауалды науқаны мен оның екінші мерзімге кандидатурасын қолдау науқаны үшін қаражат жинайтын қозғалыс Biden for Prezident деп аталады.

9 қыркүйекте Байден Трампты Капитолийді басып алуға қатысушыларға уәде бергені үшін сынға алды. Байден бұрынғы мемлекет басшысы Дональд Трамптың Капитолийге шабуылға қатысушыларға рақымшылық жасау туралы уәдесі демократия тұжырымдамасына қайшы келетінін айтты.