Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөзі

Республиканың оңтүстігінде күндіз шаңды дауыл болжанады

«Қазгидромет» РМК 8 маызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 8 тамызда атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің оңтүстік жартысы мен солтүстігінде жаңбыр жауады. 

Күндіз солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады, сондай-ақ найзағай, екпінді жел, бұршақ пен дауыл күтіледі.

Қазақстанның қалған бөліктерінде дүйсенбі жауын-шашынсыз өтеді. Атап айтқанда, таңертең және күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз Ақмола облысының шығысында, Жамбыл, Түркістан облыстарының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. 

Күндіз Батыс Қазақстан облысында қатты ыстық күтіледі, Атырау облысында қатты ыстық сақталады. 
Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.