Дүйсенбіде жеті қалада ауа сапасы бұзылуы ықтимал

Дүйсенбіде жеті қалада ауа сапасы бұзылуы ықтимал
Сурет: Ашық дереккөз

16 қаңтарда Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 16 қаңтар, дүйсенбі күні, еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Ақтөбе, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Алматы және Шымкент қалаларында ауа сапасы нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.