Дүниежүзілік банк пандемиямен күресу мақсатында жаңа қор құрды

Дүниежүзілік банк пандемиямен күресу мақсатында жаңа қор құрды
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Дүниежүзілік банк Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының техникалық басшылығымен пандемияның алдын алу, оған әзірлікті қамтамасыз ету және ден қою үшін жаңа қаржылық делдалдық қор құрды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Дүниежүзілік банктің пандемияның алдын алу,оған дайындықты қамтамасыз ету және ден қою үшін жаңа қаржылық делдалдық қорын (FIF) Қордың басқарушы кеңесі 2022 жылғы 8-9 қыркүйекте өткен алғашқы отырысында ресми түрде құрды.

Дүниежүзілік банкте нақтыланғандай, Қор мақсаты – табысы төмен және орташа елдердегі пандемиямен күресу әлеуетін нығайту үшін қосымша ұзақ мерзімді қаржыландыру.

Сонымен қатар, қаржы қоры ұлттық, өңірлік және жаһандық деңгейлерде инвестициялар мен техникалық қолдау арқылы аса күрделі олқылықтарды жоюға бағытталған.

Дүниежүзілік банк қоры пандемиямен күресумен айналысатын негізгі мекемелердің мықты жақтары мен салыстырмалы артықшылықтарын пайдаланады, қосымша қолдау көрсетеді, серіктестер арасындағы үйлестіруді жақсартады, елдерге инвестициялардың көбеюін ынталандырады, ақпараттық-насихаттық қызмет үшін алаң ретінде қызмет етеді және денсаулық сақтау жүйесінің жоғары деңгейд еболуына баса назар аударып, қолдау көрсетеді.

Дүниежүзілік банкті қаржыландыру шеңберіндегі ұсыныстар бойынша алғашқы конкурстар 2022 жылғы қарашада ашылады.

Қорды құруды Дүниежүзілік банктің Директорлар кеңесі 2022 жылғы 30 маусымда мақұлдады.