Дүниежүзілік банк әлемдік экономикаға болжам жасады

Дүниежүзілік банк әлемдік экономикаға болжам жасады
Сурет: 24.kz.

ЖІӨ өсімі 2,9 пайызға төмендейді.

Әлемдік жалпы ішкі өнім өсімі 2,9 пайызға төмендейді. Бұл туралы Дүниежүзілік банк өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап.

Қаңтардағы болжам 4,1 пайыз болған еді. Ал былтырғы өсім 5,7 пайызды құрады. Әлемдік экономиканың тежелуіне пандемия салдары мен Ресей және Украина арасындағы қарулы қақтығыс себеп. Сарапшылар инфляция деңгейінің де артатынын ескертті.