«Думан» ықшамауданында жаңа емхана салынады

«Думан» ықшамауданында жаңа емхана салынады
klops.ru

Бұл туралы қала әкімі Е. Досаев Медеу ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Денсаулық саласындағы түйткілді мәселелерді шешу үшін Медеу ауданында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. «Кеңсай» ықшамауданында ауысымына 120 келушіге арналған жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулатория салынуда. Аталған нысан биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. «Алатау» ықшамауданында қалалық аурухананың сейсмотұрақтылығын күшейте отырып, күрделі жөндеу жүргізуге Жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленеді. Жобалау-сметалық құжаттаманы аяқтау 2023 жылдың III тоқсанына жоспарлануда.

 «Думан» ықшамауданында ауысымына 500 орындық жаңа емхана салынады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2023 жылдың ІІІ тоқсанында бастау жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, «Горный гигант» ықшамауданында биыл ауысымына 400 келушіге арналған емханасы және амбулаториялық хирургия орталығы бар  «Mediker Hospital International»  жекеменшік клиникасының құрылысы аяқталды.