Дулат Исабековтің «Бөрте» спектаклін әлемнің төрт театры сахналайды

Дулат Исабековтің «Бөрте» спектаклін әлемнің төрт театры сахналайды
Сурет: Almaty.tv

Сондай-ақ, жазушы III ECG Eurasian Film Festival аясында өз шығармасының желісінде түсірілген «Балуан Шолақ» фильмі үшін арнайы дипломмен марапатталды.

Ал жазушының шығармасындағы мықты әйелдің бейнесіне қызығушылық танытқан әлемнің төрт театры «Бөрте» спектаклін өз сахналарында қоймақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz тілшісі.

Жазушының атына шет елден келген хатта австралиялық театр қойылымды  2022 жылдың көктемінде дайын болып, Австралияда да, Қазақстанда да лайықты түрде сахналанатындай етіп, одан әрі талқылауға дайын екендігі айтылған.

Драматург Дулат Исабековтің шығармасын сахналауға қызығушылық танытып отырған театрлар мыналар:

  1. Zurich English-Speaking Theatre (Цюрих, Швейцария)
  2. New World Theatre Club (Люксембург)
  3. Volkstheater (Вена, Австрия)
  4. Vass Productions / Alex Theatre in St Kilda (Мельбурн, Австралия).

Тағы бір қуанышты жаңалық, жазушының швед тіліне аударылған шығармалар жинағы басылып шықты. Кітапты швед тіліне Нобель сыйлығының лауреаты, Швед корольдік Ғылым академиясының академигі, Америка ғылым және өнер академиясының мүшесі Бенгт Самуэльсон аударған.

Кітаптың промо-презентациясы былтыр Лондондағы Oebf 2020 әдеби фестивалінің аясында өткен болатын. Ал ресми тұсаукесерін биыл Қазақстанның Стокгольмдағы елшілігімен бірлесіп өткізу жоспарланып отыр.