Дубайдағы Бурж Халифа ғимаратында Қазақстан Туы бейнеленді

Дубайдағы Бурж Халифа ғимаратында Қазақстан Туы бейнеленді Сурет: Sputnik.kz

Әлемнің ең биік ғимараты Дубай қаласындағы Бурж Халифа қасбетінде Қазақстан туы бейнеленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.






«Бурдж-Халифа Қазақстанның Тәуелсіздік күні құрметіне жағылады. Ел халқына гүлдену мен бейбітшілік тілейміз», - деп құттықтады Бурдж-Халифа ғимаратының ресми парақшасы Instagram желісінде.



Сондай-ақ бұл жазбада Қазақстан Әнұраны қоса шырқалады.



Айта кетейік, «Бурдж Халифа» мұнарасы Дубайда орналасқан (БАӘ). Биіктігі – 828 метр, 163 қабатты. Әлемдегі ең биік және ең көп қабатты ғимарат.


Бұған дейін де Бурдж-Халифада 25 қазан - Республика күніне орай Қазақстан Туы бейнеленген болатын.






Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56