Дубайда әлемдегі ең үлкен аттракцион ашылды

Дубайда әлемдегі ең үлкен аттракцион ашылды
24.kz

Оны бір рет айналып шығу үшін 30 минуттан астам уақыт кетеді


Біріккен Араб Әмірліктерінде әлемдегі ең үлкен шолу аттракционы ашылды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

«Дубай көзі» деп аталатын туристік нысанның биіктігі 250 метрден асады. Оған бір мезетте 1750 адам отыра алады. Бір рет айналып шығу үшін 30 минуттан астам уақыт кетеді.

Айта кетейік, қазір Дубайда «Экспо-2020» көрмесі өтіп жатыр. Қала әкімшілігі бұл іс-шараға миллиондаған адам келеді деп үмітті.