Дубайда Қазақстан мәдениетінің күні өтпек

Дубайда Қазақстан мәдениетінің күні өтпек
Сурет: Russianemirates.com

Дубайда Қазақстан мәдениетінің бір күні өтеді

Бұл туралы елордаға туризм саласындағы арнайы ынтымақтастық келісім жасауға келген БАӘ-нің туристік ұйым жетекшісі Лейла Раххал Эль-атфани мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап

Спикерге Қазақстан астанасы ерекше әсер қалдырған. Ол шаһарды туристік дестинация ретінде дамытуға әлеует мол деген пікірде. Лейла Раххал Эль-атфанидің қос мемлекеттік кәсіпкер әйелдердің арасында байланыс орнатып, түрлі іс-шара ұйымдастыру жоспарында бар. Сондай-ақ Қазақстанда да БАӘ-нің бір күні шарасын өткізбек.

Оның айтуынша, ұқсас мәдени шара екі тараптың ынтымақтастығын одан әрі арттыра түседі.

«Қазақстан – өте әдемі мекен, ал Нұр-Сұлтан – оның жүрегі. Мұнда көптеген іс-шара өткізуге болады. Туристерді елорданың сұлулығын тамашалау үшін әкелуді жоспарлап отырмыз. Біздің елден көптеген адам Қазақстанға қызығушылық танытатыны сөзсіз. БАӘ-дегі Қазақстанның Елшілігімен келіссөздер жүргіздік. Нәтижесінде Қазақстанның бір мәдениет күнін өткізуді жоспарлап отырмыз. Шараға мәдениетте, өнерде, шығармашылықта жұмыс істейтін әйелдерді шақыру көзделген. Олармен кәсіпкерлік тақырыбын талқылап, келісім жүргіземіз», - деді БАӘ-нің туристік ұйым жетекшісі Лейла Раххал Эль-атфани.