Dubai EXPO-2020 жаһандық идеялар ордасы болуда

Dubai EXPO-2020 жаһандық идеялар ордасы болуда
Сурет: Іnform.kz

Жаңа мүмкіндіктер

Dubai EXPO-2020 жаһандық идеялар алаңына айналып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап.

Дубайдағы ЭКСПО көрмесіндегі Қазақстан павильоны келушілерді робот пен адамның орындауындағы бимен қарсы алады.

Бұл – технология мен адамның бір-бірін толықтырып тұратын жаңа заман көрінісі. Екеуі де ғаламшарға зиянын тигізбеуі керек. Керісінше, мүмкіндіктерін біріктіре отырып, қоршаған ортаны сақтап қала алады.

Биші Мария Володарец залда отырғандардың әрқайсысына ғаламшардың тазалығына әр жан жауапты дегенді би тілімен жеткізеді.

«Біз осыдан 10 жыл бұрын не болатынын елестете алмадық. Сол сияқты 100 жылдан кейін адамдар жасанды ақылмен жұмыс істеуі мүмкін. Бұл қандай да бір сиқыр деп ойламау керек. Бәрі де мүмкін», - деді биші Мария Володарец.

Павильонға кірген әр адам қазақ даласының салқын самалын сезінеді. Бұл Дубайдың 40 градус шыжыған аптабында ерекше әсер сыйлары анық.

Одан кейін жусан иісін жұтып, қазақтың қара домбырасының қоңыр үнін тыңдап, шынымен шексіз далада жүргендей сезінеді. Келушілер Қазақстанның флорасы мен фаунасы туралы, ғажап табиғаты мен демалыс аймақтары жайлы ақпарат ала алады.