ДСМ: 78 науқастың жағдайы өте ауыр

ДСМ: 78 науқастың жағдайы өте ауыр
Cурет: Ашық дереккөз

70 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр

26 ақпандағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 23 979 адам коронавирус инфекциясынан (–22 881+ және 1 098 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналындағы мәліметтерге қарағанда, емделіп жатқандардың ішінде 2 782 пациент стационарда, 21 197 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 183 адамның жағдайы ауыр,
• 78 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 70 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.