Дрифт бойынша Қазақстан чемпионатының 1-ші кезеңінің қорытындысы

Дрифт бойынша Қазақстан чемпионатының 1-ші кезеңінің қорытындысы

Алматыда Gorilla Drift Championship – 2023 дрифт бойынша Қазақстан чемпионатының бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Биылғы жылы біріншілікке қатысушыларға Freedom Drive компаниясынан мобильді дөңгелек ауыстыру қызметі ұсынылғанын атап өту қуантарлық жайт. Коммерциялық директор Санжар Абдирахман хабарлағандай, үш күн ішінде (екі жаттығу күні және турнир күні) мобильді дөңгелек ауыстыру қызметі автошабандоздардың 300 дөңгелегін ауыстырды.

CTK Sokol автодромына жиналған көптеген жанкүйерін, яғни 4000-нан астам көрерменін қуанту үшін  Астана, Алматы, Екібастұз қалаларынан келген 24 үздік пилот, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейден келген қонақтар шықты.

Біліктілік жарыстарының қорытындысы бойынша Ресейден Теодор Чевычелов үздік нәтиже көрсетті, ол 90 ұпай жинады.

Өткен жылдың жеңімпаздары – Андрей Астапов («алтын»), Михаил Пак («күміс») және Антон Авдеев («қола») - биылғы жылы өздерінің Nissan 350z және Антон Nissan Silvia s15 көліктерімен қатысты.

Сондай-ақ Freedom Drive компаниясы Mobil1 Racing автожарыс командасының ресми серіктесі болды. Алексей Дмитриев пен Вячеслав Папашвили сынды пилоттар турнирдің бірнеше дүркін жүлдегерлері атанды. 2023 жылы команда Pro класына қатысуға мұқият дайындалды.

Mobil1 Racing өзінің тексерістен өткен м54 турбо қозғалтқышы бар BMW E36 және шамамен 600 ат күші бар дәл осындай қозғалтқышы бар BMW E46c  машиналарын жарысқа шығарды. Оған 1,5 бар қысымы бар Zestino жартылай слик дөңгелектері қосылды. Мұндай дөңгелектер резеңкенің арнайы құрамына байланысты пилотқа құрғақ жолда спорттық машинаны жақсы басқаруға мүмкіндік береді. Рейсерлер байқағандай, дрифт бойынша турнирде жаңа дөңгелек төрт айналымда мүлдем жарамсыз болып қалады екен. Ал бір кезеңде команданың екі машинасына шамамен 15 жұп дөңгелек қажет болады.

Сұрапыл додадан кейін Алексей Дмитриев пен Михаил Пак, Антон Авдеев және Сергей Овсянников жартылай финалға шықты.

Финалға Пак пен Овсянников (Toyota GT86) шықты. Михаил Пак жеңіске жетті. Антон мен Алексей сәйкесінше үшінші және төртінші орындарды жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, чемпионаттың келесі кезеңі 27-28 мамырда STK Sokol автодромында өтеді. Үлкен турнирдің соңғы 5-ші кезеңі 2023 жылдың 14-15 қазанында өтеді.