"Достық" станциясында жүк тиеу терминалының екінші бөлігі іске қосылды

"Достық" станциясында жүк тиеу терминалының екінші бөлігі іске қосылды
Сурет: Qazaqtv.com

Қытаймен арадағы шекарада орналасқан "Достық" станциясында жүк тиеу терминалының екінші бөлігі іске қосылды.

Инфрақұрылымдық нысанның құрылысына 9 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған. "Достық" станциясындағы жүк тиейтін кешен жылына 160 мыңнан 320 мың контейнерге дейін өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап.

Жаңа нысан Қытайдан Қазақстан арқылы Еуропа, Орталық Азия және Парсы шығанағы елдеріне тасымалдау жылдамдығын да арттырады. Тағы бір айта кетерлігі, мұнда жолдар негізгі магистральдан тыс орналасқан. Сондықтан бұл трансшекаралық теміржол торабын босатуға мүмкіндік береді. Айта кетейік, Батыс Германияға аспан асты еліне тұрмыстық техника тиелген пойыз жөнелтілді.

"Мұндай үлкен инфрақұрылымдық жобалар, ең алдымен, біздің елдің көлік әлеуетін кеңейтуге септігін тигізеді. Қытайдан Еуропаға және керісінше тасымалданатын транзит көлемі қанша жүк тиеу орындарының бар екеніне, олардың қаншалықты заманауи және дұрыс жұмыс істейтініне байланысты", - деді Көлік-логистикалық компанияның басшысы Тимур Қарабаев.

Айта кету керек, 2021 жылы Қазақстан арқылы тасымалдау көлемі 20%-дан  астам өсті. Миллионнан аса контейнер жүк транзитімен жөнелтілді.