Досхан Жолжақсынов - 70 жаста

Досхан Жолжақсынов - 70 жаста
Сурет: Novoetv.kz

Актер театр сахнасында және кинода 200-ден астам рөлді сомдаған.

Танымал актер және режиссер, Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсынов Президент Жарлығымен «Отан» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қаулы етемiн: 1. Ұлттық мәдениетті, кинематографияны және театр өнерін дамытуға қосқан айрықша еңбегі үшін Досхан Қалиұлы Жолжақсынов «Отан» орденімен наградталсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», -делінген ҚР Президент Жарлығында.

Досхан Жолжақсынов бүгін 70 жасқа толды. Танымал актер және режиссер, сонымен қатар халық әндері мен қазіргі қазақ композиторлары әндерін шебер орындаушы ретінде кеңінен танымал.

Жолжақсынов ұлттық кино өнерінің дамуына өз үлесін қосып, «Гауһартас», «Даладағы қуғын», «Алтын күз», «Омпа», «Ақ барыстың ұрпақтары», «Көшпенділер», «Біржан сал» және басқа да фильмдерге түскен.

Досқан Қалиұлы Жолжақсынов 1951 жылы 7 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Балықшы ауылында туған.