Допты хоккейден Қазақстан Американы ойсырата жеңді

Допты хоккейден Қазақстан Американы ойсырата жеңді
Сурет: Ашық дереккөз

Енді Қазақстан хоккейшілері Норвегиямен шеберлік байқасады

Допты хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы Швецияның Оби қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші матчын ойнады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы АҚШ командасымен кездесіп, 7:2 есебімен жеңіске жетті.

А дивизионында Қазақстанмен бірге АҚШ-тан бөлек, Финляндия, Норвегия және Швеция ойнайды, деп жазды Sports.kz.

31 наурызда Қазақстан хоккейшілері Норвегиямен шеберлік байқасады.

Айта кетейік, А дивизионындағы алғашқы екі команда турнир финалында өнер көрсетеді. Ал үшінші және төртінші орындар алған құрамалар «қола» үшін таласады.