Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті
Сурет: Inbusiness.kz

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,18 тиынға қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 444, 03 теңге. Ұлттық банктің 20 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 443, 57 теңге, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 444, 95 теңге, сатып алу – 448, 89 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 445, 15 теңгеден болса, сатып алу құны – 447,76 теңге.