Доллар тағы қымбаттады

Доллар тағы қымбаттады
Сурет: Kapital.kz

 Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,04 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 455,63 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,60 теңге.

Ұлттық банктің 20 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 455, 07 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 453 теңге, сатып алу – 456 теңге.