Доллар тағы қымбаттады

Доллар тағы қымбаттады
Сурет: Aikyn.kz

Валюта құнына 0,61 теңге қосылған.

Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, сағат 15:30-да доллардың орташа бағамы тағы 0,61 теңгеге қымбаттап, 478,26 теңге болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,95 теңгеге (+0,03) дейін көтерілді.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 68,37 теңгеге (+0,41) дейін көтерілді.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 476,11 теңге деп белгіледі.