Доллар тағы 3 теңгеге арзандады

Доллар тағы 3 теңгеге арзандады
Сурет: Еgemen.kz

444,09 теңге болды.

Қазақстан қор биржасының мәліметі бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы тағы 3,19 теңгеге төмендеп, 444,09 теңге болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 64,85 теңге (-0,74) болды.

Еуро мен рубль бойынша сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 479,72 теңге, рубль бағамын 6,02 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 446,5-450 теңге, еуро 475,5-480 теңге, ресей рублі 5,85-6,1 теңге аралығында саудаланып жатыр.