Доллар бүгін қаншаға бағаланды

Доллар бүгін қаншаға бағаланды
Сурет: almaty-akshamy.kz

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 450– 455 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Ұлттық банктің 23 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 450,47 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,84 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 451 – 455 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар 450,9 – 453,1 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,77 – 4,86 аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 22 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,31 теңгеге қымбаттап, 450, 46 теңге болған.