Доллар бағасы төмендеді

Доллар бағасы төмендеді
Сурет: Kapital.kz

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,98 теңгеге төмендеп, 441,64 теңге болды. Доллардың 30 сәуір мен 3 мамыр аралығындағы ресми бағамы - 446,38 теңге, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы - 443,15 теңге, ал сатылым - 446,25 теңге.

Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 440,44 теңгеден сатып алады, 444,50 теңгеден сатады.