Доллар бағасы қайта көтерілді

Доллар бағасы қайта көтерілді
Сурет: Newtimes.kz

KASE Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы өсті.

Таңғы сауда-саттық қорытындыларына қарағанда, доллар бағамы 85 тиынға өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

АҚШ долларының орташа бағамы 473, 66 теңге болды.

Ұлттық банктің 4 сәуірдегі ресми бағамы -1 доллар үшін 472, 56 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 471 теңгеден сатылса, сатып алу – 476 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 470, 17 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 475 теңге.