Доллар бағасы арзандады

Доллар бағасы арзандады
Сурет: Еgemen.kz

Мұнай бағасы сол күйінде қалды.

Қазақстан қор биржасының мәліметі бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 1,93 теңгеге төмендеп, 448,41 теңге болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы Алматы уақыты бойынша сағат 12:00-де төмендеп, 65,08 теңге (-0,62) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 497,93 теңге, рубль бағамын 5,52 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 449-452 теңге, еуро 493-498 теңге, ресей рублі 5,4-5,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.