Доллар бағамы төмендеді

Доллар бағамы төмендеді
Сурет: Egemen.kz

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 444,29 теңгені құрап, 0,94 теңгеге төмендегенін хабарлады.

Еуро, юань және рубль бойынша сауда-саттық өткізілген жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын - 485,59 теңге, юаньді - 64,79теңге, рубльді – 5,36 теңге деп белгіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Айырбастау пункттерінде долларды 443-447 теңгеден, еуроны 484-490 теңгеден, ресей рублін 5,4-5,8 теңгеден сатып алады/сатады.

Айта кетсек, бүгінгі сауда барысында мұнай бағасы біршама төмендеді. Мәселен, маусымдағы Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 0,25%-ға, барреліне 84,91 долларға дейін, WTI-дегі мамыр фьючерстерінің бағасы 0,15%-ға, 80,58 долларға дейін төмендеді.