Доллар бағамы төмендеді

Доллар бағамы төмендеді
Сурет: Baq.kz

Күндізгі сауда

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,11 теңгеге төмендеп, 445,01 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

Еуро, юань және рубль бойынша сауда болған жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын - 487,84 теңге, юань бағамын - 65,05 теңге, рубль бағамын - 5,54 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 445-450 теңге, еуро 485-491 теңге, ресей рублі 5,4-5,7 теңге аралығында сатылып жатыр.

Мұнай бағасы ОПЕК+ шешіміне байланысты сәл өсті. Осы аптада Brent маркалы мұнай баррелінің құны ОПЕК+ елдерінің «қара алтын» өндірісін қысқарту туралы хабарламалары аясында 86 доллардан асты.