Доллар бағамы төмендеді

Доллар бағамы төмендеді
Cурет: Ult.kz

KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 461,88 теңгені құрап, тағы 0,15 теңгеге төмендегенін хабарлады.

Қалған валюталар бойынша сауда-саттық жүргізілген жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Кешегі сауда-саттық қорытындысы бойынша еуро бағамы 503,65 теңгені құрады.

Ұлттық банк еуро бағамын 504,09 теңгеге, рубльді - 6,74 теңгеге белгіледі.

Айырбастау пункттерінде долларды 461,5-465 теңгеден, еуроны 501-505 теңгеден, ресей рублін 6,45-6,7 теңгеден сатып алады/сатады.

Сонымен қатар 24 қаңтардағы сауда-саттық барысында әлемдік мұнай бағасы біршама төмендеді.

Мәселен Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы наурыз фьючерстерінің құны 0,16%-ға төмендеп, барреліне 88,05 долларды құрады.

NYMEX Нью-Йорк тауар биржасының электронды сауда-саттығында наурыз айына арналған WTI мұнай фьючерстерінің бағасы 0,02%-ға, барреліне 81,60 долларға дейін төмендеді.