Доллар бағамы тағы да өсті

Доллар бағамы тағы да өсті
Сурет: Vlast.kz

Бір доллар 520 теңгеден сатылып жатыр.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы тағы өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 4 наурыздың кешімен салыстырғанда 1, 92 теңгеге өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 501, 64 теңге болды. Ұлттық банктің 5 наурыздағы ресми бағамы -1 доллар үшін 499, 20 теңге. Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 505, 58 теңгеден сатылса, сатып алу – 520 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 515, 45 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 520,47 теңге.