Доллар бағамы күрт төмендеді

Доллар бағамы күрт төмендеді
Сурет: Newtimes.kz

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы бірден 3,50 теңгеге төмендеп, 1 доллар 470, 45 теңге болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ұлттық банктің 23 тамыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 473, 99 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 470 теңге, сатып алу – 474 теңге.

Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 468,5 теңгеден болса, сатып алу – 472,5

Ресей рублі 7,32- 7,52 теңге аралығында саудаланып жатыр.