Доллар бағамы көтерілді

Доллар бағамы көтерілді
Сурет: Zakon.kz

Көк қағаз құны аздап көтерілді.

Күндізгі сауданың нәтижесіне сәйкес, доллардың орташа сараланған бағамы 0,77 теңгеге көтеріліп, 446,60 теңгені құрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 22 ақпандағы бір долларға арналған ресми бағамы 445,65 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 446,69 теңгеден сатып алынып, 449,86 теңгеден сатылып жатыр. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 446,46 теңге, сату – 450,05 теңге.