Доллар бағамы көтерілді

Доллар бағамы көтерілді
Сурет: 1prime.ru

Ақша айырбастау орындарында доллар 466-469,5 теңгеге саудаланып жатыр.

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы 2,96 теңгеге қымбаттап, 463,60 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 63,15 теңге (-0,11) болды.

Еуромен және Ресей рублімен сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 456,09 теңге, рубль бағамын 7,47 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 466-469,5 теңге, еуро 454-462 теңге, ресей рублі 7,15-7,35 теңге аралығында сатып алынып/сатылып жатыр.