Доллар бағамы бүгін біршама арзандады

Доллар бағамы бүгін біршама арзандады
Сурет: Alau.kz

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 5,98 теңгеге төмендеп, 1 доллар 435,69 теңге болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 2 наурыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 442, 11 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 434 теңге, сатып алу – 439 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 435 теңгеден болса, сатып алу – 438 теңге. Алматыда Ресей рублі 5,65 – 5,95 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 5,7 - 5,78 теңгеден сатылуда.