Доллар бағамы 2 теңгеге түсті

Доллар бағамы 2 теңгеге түсті
Сурет: Qazaqstan.tv

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 1,48 теңгеге төмендеп, 462,77 теңгені құрады.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 19 қаңтардағы бір долларға арналған ресми бағамы 464,34 теңгеге белгіленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 463,29 теңгеден сатып алынып, 466,22 теңгеден сатылып жатыр. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 462,48 теңге, сату – 466,02 теңге.