Доллар арзандады

Доллар арзандады
Сурет: Еgemen.kz

Орташа бағам тағы 0,52 теңгеге төмендеді.

30 қаңтардағы түскі саудада доллар арзандады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,52 теңгеге төмендеп, 459,92 теңге болды.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 68,20 теңгені (+0,75) құрады.

Еуро мен рубль бойынша сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 501,04 теңге, рубльді 6,65 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 457,5-461 теңге, еуро 498-502,56 теңге, ресей рублі 7,2-7,6 теңге аралығында сатылуда.