Доллар 4 теңгеге қымбаттады

Доллар 4 теңгеге қымбаттады
Сурет: 1prime.ru

Мұнай құны төмендеді.

KASE-нің мәліметі бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 3,99 теңгеге көтеріліп, 455,07 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы Алматы уақыты бойынша сағат 12:00-де 65,86 теңге (+0,46) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 494,88 теңге, рубль бағамын 5,53 теңге деп белгіледі.

Айырбастау пункттерінде доллар 453 - 459 теңгеден, еуро 498 - 505 теңгеден, рубль 5,45 - 5,7 теңгеден сатып алынып/сатылып жатыр.