Доллар 2 теңгеге қымбаттады

Доллар 2 теңгеге қымбаттады
Сурет: Turantimes.kz

Бүгін мұнай бағасы да сәл көтерілді.

Қазақстан қор биржасының мәліметі бойынша, доллардың орташа бағамы 2,25 теңгеге көтеріліп, 456,21 теңге болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, Алматы уақытымен 12:00-де 65,81 теңге (+0,25) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 501,18 теңге, рубль бағамын 5,56 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар – 453-457 теңге, еуро – 503-508 теңге, ресей рублі – 5,45-5,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.

27 сәуірде мұнай бағасы сәл көтерілді. Brent маркалы мұнайдың шілдедегі фьючерстері барреліне 0,18%-ға қымбаттап, 77,87 доллар болды, WTI маркалы мұнайдың маусымындағы фьючерстері 0,13%-ға өсіп, 74,4 доллар болды.