Дмитрий Титов: Алакөлдегі өрттен қаза тапқандар туралы ақпарат түскен жоқ

Дмитрий Титов: Алакөлдегі өрттен қаза тапқандар туралы ақпарат түскен жоқ
halyq-uni.kz

Алакөлдегі өрттен қаза тапқандар туралы ақпарат түскен жоқ. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Титов мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

«Әзірге қаза тапқандар туралы ақпарат түскен жоқ деп сеніммен айта аламын. Денесін күйік шалғандар да жоқ. Тек бір адам жарақат алды. Тағы бір демалушыға иіс тиген. Қалғандары тек оқыс оқиғадан есеңгіреп қалған», - деді Дмитрий Титов.

Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі қазір өрт орнында аудандық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатқанын айтты.

Сонмен қатар өрт зертханасының қызметкерлері тілсіз жаудың шығу себептерін анықтап жатыр.