Дмитрий Попко теннистен ҚР Президенті кубогінің 1/4 финалына шықты

Дмитрий Попко теннистен ҚР Президенті кубогінің 1/4 финалына шықты
Сурет: Prosports.kz

Турнир Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласының жазғы кортында теннистен Қазақстан Президентінің Кубогы дәстүрлі турнирі жалғасуда. Дмитрий Попко 1/4 финалға шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сілтеме жасап.

Екінші раундта ол түрік Янки Эрилді 7:6 (8:6), 6:4 есебімен жеңді. Ал, 1/4 финалда қазақстандық спортшы ресейлік Евгений Донский пен чех Давид Поляктың арасындағы матчтың жеңімпазымен сынға түседі.

Әйелдер турнирінде жалғыз разрядта қазақстандықтар қалған жоқ. Екінші айналым матчтарында Жібек Құламбаева Оңтүстік Кореядан келген Ли Ханьға – 1:6, 2:6 есебімен ұтылса, Гюзаль Айнитдинова да екі сетте ресейлік Анастасия Золотаревадан – 1:6, 5:7 есебімен ұтылды.