Disney студиясының қазақ тіліне дубляждалған «Энканто» фильмінің тұсауы кесіледі

Disney студиясының қазақ тіліне дубляждалған «Энканто» фильмінің тұсауы кесіледі
Сурет: Inform.kz

Қазақ тіліне аударылған 38-ші фильм прокатқа шығады

«Энканто» жаңа музыкалық фэнтези фильмі – режиссер Байрон Ховард пен Джаред Буштың сценарист Чариз Кастро Смитпен бірдесе жасаған Disney студиясының 60-шы фильмі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Фильмнің саундтректерін «Моана» және «Коко құпиясы» әйгілі анимациялық фильмдерінің әндерінің авторлары жазған. Мультфильм сиқырлы отбасында дүниеге келген 15 жасар Мирабел Мадригалдың өмірін баяндайды. Оқиға Колумбия тауларында жасырынған Энканто деп аталатын жерде өтеді. Мультфильмнің атауына да себепкер болған Энканто – таңғажайып оқиғалар орын алатын сиқырлы мекен.

«Энканто» - қазақ тіліне дыбысталып, отандық кинопрокатқа мемлекеттік тілде шығатын 38-ші фильм. Фильмнің премьерасы 25 қарашада өтеді.

Голливуд киностудияларының отбасымен бірге қарауға арналған фильмдері «Болашақ» корпоративтік қоры мен «Меломан» компаниясының бастамасымен қазақ тіліне дубляждалды.