Діни басқарма криптовалюта пайдалануға тыйым салды

Діни басқарма криптовалюта пайдалануға тыйым салды
Сурет: Fin-plan.org

Имамдар үш түрлі себептерге байланысты осындай шешімге келген.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұсылмандарға криптовалюта пайдалануға тыйым салды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Мүфтият мұндай шешім қабылдауға үш түрлі себеп келтіреді. Біріншіден, шариғатқа сәйкес, кез келген ақша мемлекеттен шығарылып, оның қорғауында болуы тиіс.

«Биткойн - ұлттық валюта емес. Бұл орталықсыздандырылған виртуалды ақша, мемлекеттік органдар тарапынан кепілдік берілгенімен, қаржылық заңдар арқылы қорғалмаған. Ол кез келген уақытта құлдырап не өсіп кетуі мүмкін. Бұдан халық зардап шегеді», – делінген Muftyat.kz cайтындағы хабарламада.

Екінші себебін мүфтият биткоин-процестердің жабық өтетінімен, мұның алаяқтыққа алып келетінімен түсіндіреді. Үшіншіден, биткоин валюта немесе тауар ретінде бақылауға алынбайды, бұл ішкі экономикаға, қоғамға кері әсерін тигізеді делінген.