Динара Сәдуақасова әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Динара Сәдуақасова әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Cурет: Baq.kz

Жарысқа әлемнің 12 елінен ең мықты әйелдер құрамасы қатысты.

Қазақстандық гроссмейстер Динара Сәдуақасова әйелдер арасындағы ФИДЕ (FIDE World Women’s Team Championship) командалық әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.
Испанияда әйелдер арасындағы ФИДЕ (FIDE World Women’s Team Championship) командалық әлем чемпионаты өтті. Жарысқа әлемнің 12 елінен ең мықты әйелдер құрамасы қатысты: Америка, Әзірбайжан, Армения, Германия, Грузия, Үндістан, Испания, Қазақстан, Польша, ФШР (Ресей), Украина және Франция елдерінің құрамасы.
Чемпионатта Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Меруерт Камалиденова және Гүлмира Дәулетова сынды мықтылары бар Қазақстан құрамасы шахмат тақтасында өнер көрсетті.
Бүгін қазақстандық гроссмейстер Динара Сәдуақасова командалық чемпионаттың қола жүлдегері атанғанын жазды.
- Медаль тосын сый болды, өйткені командалық жарыстарда жалпы нәтижеге назар аударасың және жеке тақтада болса да, Қазақстан жүлдегерлер қатарынан көрінгеніне қуаныштымын, - деді Динара Facebook парақшасында.