Динара Маханбетқұлова: Коронавируспен ауырғандар оңалтудан өту керек

Динара Маханбетқұлова: Коронавируспен ауырғандар оңалтудан өту керек
almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Алматыдағы С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің медициналық-санитарлық алғашқы көмек бөлімінің меңгерушісі, PhD философия докторы Динара Маханбетқұлова онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Оның айтуынша, коронавируспен жеңіл, орта, ауыр деңгейде ауырған науқастар оңалтуды қажет етеді. Оңалту стационар деңгейінен басталу керек. Оңалту комплексті, рационалды түрде, бүкіл клиникалық ерекшеліктерді, психологиялық факторларды ескере отырып жүргізілуі керек.

«Науқас стационардан шыққан соң, емханаға келеді. Онда дәрігерлер науқасты реабилитациялық орталықтарға жібереді және қажетті дәрілер мен оңалту ұсыныстарын береді. Осыдан кейін науқас санаторлық-курорттық кезеңнен өтуі тиіс. Ауырған соң ауру деңгейіне байланысты бұл науқастар емхана деңгейінде учаскелік дәрігерде есепте тұрады», - деді ол.