Дін тақырыбында жазылған материалдарға байқау жарияланды

Дін тақырыбында жазылған материалдарға байқау жарияланды
Сурет: Rb.ru

Байқау қатысушыларға өзін көрсетуге, дарындарын ашуға және ұйымдастырушылардың бағалы сыйлықтарына ие болуға мүмкіндік береді.

Дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша үздік материалдарға арналған байқау жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Байқау қатысушыларға өзін көрсетуге, дарындарын ашуға және ұйымдастырушылардың бағалы сыйлықтарына ие болуға мүмкіндік береді. Байқау діни экстремизмнің алдын алу мақсатында келесі номинациялар бойынша өтеді:

  • интернет-ресурстағы қазақ тіліндегі ең үздік мақала;
  • интернет-ресурстағы орыс тіліндегі ең үздік мақала;
  • интернеттегі және әлеуметтік желілердегі ең үздік тақырыптық әлеуметтік бейнеролик;
  • ең белсенді блогер.

Конкурсқа қатысу үшін әлеуметтік бейнероликті, бейнероликтің әлеуметтік желілерде жарияланған скриншотын төменде көрсетілген  поштаға бір хабарламада жіберу керек: almaty.baiqau.2022@gmail.com электронды поштасына 2022 жылдың 1 қазанында сағат 00:00-ге дейін  «Алматы қаласы Дін істері басқармасы журналистерінің байқауына қатысу аясында дайындалды» деген белгімен жіберілуі керек.