Димаштың әні Куба телеарнасында шырқалды

Димаштың әні Куба телеарнасында шырқалды
Сурет: Dimashnews.com

Куба телеарнасының «De La Gran Escena» («Ұлы сахнада») бағдарламасында қазақстандық орындаушының әні тағы да шырқалды.

Димаш Құдайбергеннің «Olimpico» танымал әні Cubavisión Ұлттық телеарнасының «La música, ese placer» («Музыка – бұл жан рақаты») бағдарламасының шымылдығын жапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

«De La Gran Escena» («Ұлы сахнада») бағдарламасы алғаш рет 1985 жылы эфирге жол тартты. Ол барлық кезеңдегі кубалық және әлемдік музыкалық шығармалардың ең танымалдарын ұсынады. Бағдарламаны телеарнаның ең беделді журналистері жүргізеді.

«Біздің сүйікті әншімізді телеарнадан көрсетуді сұраған кубалық Dears-ке тағы да алғыс айтқымыз келеді! Осының арқасында Димаштың шығармашылығымен адамдар тағы да көптеп танысады деген үміттенеміз», – деп әртістің кубалық жанкүйерлері Instagram-аккаунтында бөлісті.